Биыл баспана кезегінде тұрған 8 800 адамға жеңілдетілген заем беріледі

Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

2020 жылы республика бойынша 15 млн 300 мың шаршы метр тұрғынүй салынды. 140 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді. Тұрғынүй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6 процент өсіп, 2 трлн теңгені құрады. 38 400 отбасыға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 28 мың әлеуметтік тұрғын үй түрінде, 10 400 жеңілдетілген займ берілді, — деді министр Үкімет отырысында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл 163 мың баспана салынады деген сөз.

Мемлекеттік инвестициялар есебінен кезекте тұрған 31 300 адамды қолдау жоспарланып отыр. 22 500 әлеуметтік тұрғынүй салынып, сатып алынады. Кезекте тұрғандарға 8 800 жеңілдетілген қарыз беріледі, — деді Бейбіт Атамқұлов.