Вакцина салдырғандар Словенияға кіре алады

Tengritrаvel.kz порталының хабарлауынша, 13 ақпанда елге кіруге арналған концессиялар жұмыс істей бастайды.

Атап айтқанда, COVID-19-дан емделіп шыққан және Biontech/Pfizer вакциналарын қабылдаған (қайта вакцинациядан өткеніне кемінде 7 күн өткен), MODERNA (кемінде 14 күн өткен) және AstraZeneca (кемінде 21 күн өткен) шетелдіктер міндетті карантинсіз Словенияға кіре алады. Теріс ПТР сынағы олар үшін де қажет емес, — делінген Словения үкіметінің сайтында.

ПТР тестін Еуропалық одақ пен Шенген аймағына мүше мемлекеттерде,  микробиология және иммунология институты мен денсаулық сақтау, қоршаған орта және ұлттық зертхана тағайындаған үшінші елдердегі ұйымдар немесе жеке тұлғалар жүргізуі керек. Олардың тізімі NLZOH сайтында жарияланған.

Турист тесттен Словенияға кірерден 48 сағат бұрын өтуі керек.