Месси «Барселона» клубының рекордын жаңартты

Бұл туралы ВТ порталына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Испания чемпионатының 24-турында футболшы каталониялықтар сапындағы 506-шы матчын өткізді. Осылайша, Месси бұған дейін 505 ойын өткізген испаниялық Хавиді озып, клуб рекордын орнатты, — делінген хабарламада.

Месси сонымен бірге Ла Лигада пенальтиден 60 гол соққан екінші ойыншы болды. «Реал» сапында пенальтиден 61 гол соққан Криштиану Роналду бұл көрсеткішке бірінші жеткен еді.

Месси — «Барселона» мен Аргентина құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген. «Алтын доп» пен «Алтын бутсының» алты дүркін иегері.

«Барселона» академиясының түлегі, 17 жасынан бастап бірінші командада ойнайды. Содан бері ол «Барселона» клубымен бірге он мәрте Испания чемпионы атағын, төрт рет УЕФА чемпиондар лигасын, алты рет Испания кубогын, сегіз мәрте Испания суперкубогын, үш рет Еуропа суперкубогын және үш рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.