Президент бес бала қаза болған отбасыға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты. Бұл туралы мемлеке басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Бас прокуратура
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-аналары мен туыстарына жұбату лебізін білдірді. Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды, — деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді.