Ақорда президенттің Clubhouse-тағы «аккаунты» туралы айтты

Берік Уәлидің айтуынша, мемлекет басшысының аккаунты Twitter және Instagram желілеріне ғана бар.

Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын. Мемлекет басшысының Твиттерде @TokayevKZ және Инстаграмда @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін тағы да ескерткім келеді, — деп жазды Берік Уәли.

Clubhouse — тек аудио чаттарға арналған әлеуметтік желі. Платформаға тек шақырту арқылы кіруге болады.