АҚШ Беларусь шенеуніктеріне санкция салды

АҚШ Беларусьтің 43 азаматына қарсы визалық санкциялар қабылдады. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

Жазалау шараларын қабылдауға Беларусь билігінің бейбіт шерулерді күшпен басып, саяси белсенділерді қуғындауы себеп болған, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Америка үкіметі бұған дейін 2 рет Беларусьтағы ресми тұлғаларға қарсы визалық шектеулер енгізген еді. Содан бері қара тізім 66 шенеунікпен толыққан.

ДереккөзХабар 24