Азаттық радиосы хабарлауынша, қону сәті шамамен жеті минутқа созылған. Аппарат Марс бетіне парашютпен түсіп, қонған сәтте алғашқы суретін түсірді.
Perseverance Марсқа былтыр шілдеде ұшырылған. Құрылғы “Марс-2020” миссиясы аясында ғаламшарда 700 тәулік (Жер уақытымен) жұмыс істейді.
Touchdown confirmed. The #CountdownToMars is complete, but the mission is just beginning. pic.twitter.com/UvOyXQhhN9
— NASA (@NASA) February 18, 2021
10 ақпан күні Марс орбитасына Қытай зонды да жеткен. Аппарат ғаламшар бетіне мамырдың соңында түсірілмек. Қытайлық ғалымдар миссия Марсқа адам жіберу мүмкіндігін зерттеуге мүмкіндік береді деп үміттенеді, – делінген хабарламада.
Қытай зондынан бір күн бұрын Марс орбитасына Біріккен Араб Әмірліктерінің “Аль-Амаль” (“Үміт”) дейтін спутнигі жеткен. Спутник былтыр жазда ұшырылған. Оның миссиясы – ғаламшардың атмосферасын, климат жағдайын, жыл маусымдарын зерттеу.