Ақорданың хабарлауынша, Бағдат Мусин Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Цифрлық Қазақстан» ұлттық жобасының трансформациялану үдерісі туралы баяндады.
Мұнда мемлекеттің азаматтармен өзара ықпалдастығына, халықтың мәселелерін шешуге байланысты барлық тыныс-тіршілікті есепке алуға баса мән беріледі, — деді министр.
Ведомство басшысы сонымен бірге президентке қазақстандық «KazSat» байланыс серігінің жүйесін дамыту туралы айтты.
Инновация шешімдерінің пайдасы үшін, соның ішінде байланыс серіктерінің жаңа түрлері шығуы себепті «KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл бюджеттің миллиардтаған теңге қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді, — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.