Өзбекстан «Спутник V» вакцинасын қолданатын болды

Бұл туралы ӨзА агентігі хабарлады.

Республикалық арнайы комиссия мәліметінде «Спутник V» вакцинасы клиника сынағының үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша Өзбекстанда сертификаттаудан өткізіп жаппай қолдануға мақұлданғаны туралы хабарланды.

Қазіргі уақытта осы вакцинаның 1 млн дозасын сатып алу бойынша шаралар қабылдануда, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге Өзбекстанда қытайлық ZF 2001 вакцинасының үшінші клиникалық сынағы сәтті өтіп жатыр. Қазірге дейін 7 мыңға жуық азаматта ешқандай жанама әсер байқалмаған.

Өзбекстанда жаппай вакциналау наурызда басталады деп жоспарланған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 18 ақпандағы мәліметінше, Өзбекстанда 79 548 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған, оның 78 мыңы аурудан айыққан. Ал 622 науқас қайтыс болған.