Басты бетҚоғамПрезидент Өзбекстанның...

Президент Өзбекстанның сыртқы істер министрімен кездесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Абдулазиз Камилов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өзбекстан президентінің Ташкентте «Орталық және Оңтүстік Азия: өңірлік өзара байланыстар. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференция өткізу туралы бастамасына қолдау білдіру туралы өтінішін жеткізді, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы берік достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы және оны әрі қарай нығайтудың перспективалары талқыланды.

Өзбекстан, министр
Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі жағдайға және пандемияға қарамастан екі елдің қарым-қатынастары жоғары деңгейде екенін, қазіргі сын-қатерлерге орнықты төтеп беріп отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевқа зор денсаулық және бақ-береке тілеген сәлемін жолдап, Өзбекстан президенті эпидемиялық ахуал жақсарғаннан кейін Қазақстанға сапармен келетініне сенім білдірді.