Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси азаматтарды бала тууды азайтуға және отбасында екі баладан артық болмасын деп үндеді.
Бұл туралы Tengrinews.kz порталы «Известия» басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Мысыр билігі туудың жоғары деңгейінің салдарынан азаматтар өмір сүру жағдайының жақсарғанын сезбейді деп есептейді.
Отбасында екі баладан артық болса, өте маңызды мәселеге айналады. Мысыр үшін жыл сайын 400 мың адам өсімі оңтайлы (жыл сайын ел халқы 2,4 миллион адамға көбейеді — еск.), — деді президент.
Қазір Мысырда 101 миллионнан аса адам тұрады. Мысыр бұл көрсеткішпен араб мемлекеттерінің арасында бірінші орында тұр.