Зейнетақы жинағындағы қаржыға тіс емдету мен пластика операциясын жасатуға болады

Бұйрық мерзімінен бұрын 15 ақпанда бекітіліп, Әділет министрлігінде 17 ақпанда тіркелді.

Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медицина қызметтері:

  • орфандық ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, емдеу, сонымен бірге емдеу тактикасын айқындау үшін диагностика зерттеулері;
  • Қазақстан аумағында орналасқан медицина ұйымдарында көрсетілетін стоматология қызметтері (тісті протездеу, имплантация)
  • операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сонымен бірге мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық)
  • радионуклидтік және радиойодтерапия
  • радиохирургиялық емдеу
  • протон терапиясы
  • офтальмология қызметтері.

Медицина қызметтерінің осы тізімі халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін, — делінген министрліктің хабарламасында.

Бұл бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жақын арада жарияланады.