Басты бетҚоғамАсқар Мамин...

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкент пен Түркістанға барды 

Премьер-министр баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Мамин Шымкент әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысымен танысты.

Сағатына 2000 жолаушы қабылдай алатын әуежай теминалын биыл қазан айында іске қосу жоспарланған.

Шымкент әуежайы
Фото : Primeminister.kz

Асқар Мамин сорғы қондырғыларын, құбыр арматурасын және электр жабдығын шығаратын «Karlskrona LC AB» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды.

Кәсіпорынның қуатты 2,5 мыңнан 10 мыңға дейін су сорғысын, сонымен бірге 7 мың тонна құйма мен стандартты емес жабдықтарды шығаруға жетеді.

Премьер-министр «Шымкент Сити» шағынауданының құрылыс барысымен танысты. Онда инвесторлар 532 мың шаршы метр тұрғын үй,  3 800 орындық 2 мектеп салу үшін 199 млрд теңге жұмсайды, — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

"Шымкент сити" шағынауданы
Фото : Primeminister.kz

Үкімет басшысының баспасөз қызметі Асқар Маминнің Түркістан облысында су тапшылығын жою және суармалы жерлердің тиімділігін арттыру жұмысының барысын тексергенін хабарлады.

Түркістан магистрал арнасын күрделі жөндеу және оны Сырдария өзенінен толтыру үшін машина арнасын салу, «Қосқорған» және «Кеңсай – Қосқорған-2» су қоймасын салу, Жетікөл көл жүйесін қайта жөндеу жұмысымен танысты.

Түркістанда Асқар Мамин әуежай аумағының абаттандырылуымен, тұрғынүй инфрақұрылымының құрылысымен және қаланың іскерлік орталығының дамуы барысын бақылады.

Сонымен бірге премьер-министр «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, Тұңғыш президент саябағының, «Ұлы дала елі» орталығының және Бекзат Саттарханов даңғылындағы саябақтың жөндеу жұмысын тексерді.