Бақытжан Сағынтаев: «Алтын ордадағы» жол бәрімізді шаршатты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде "Алтын орда" базары маңындағы жолайрықтың құрылысы қашан аяқталатынын айтты. Әкімнің айтуынша, бұл жолға министрлік жауапты. 

Алтын орда жолайырығы бәрімізді шаршатты. Алматыға келгелі «Алтын ордадағы» жол қашан аяқталады деген сұрақты естіп келе жатырмын. Өкінішке қарай, бұл жолайрық Алматы облысының жерінде, қалаға жатпайды. Жол жұмыстары министрліктің құзыретінде, мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Ақша жеткілікті, бірақ мердігердің күші жетпей ме, берілген ақшаны игермей жатыр. Әлі сол ырдың-дырдыңмен келе жатырмыз, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Алматы әкімінің айтуынша, «Алтын орда» базары маңындағы жол аяқталса қалалықтардың бір мәселесі шешілер еді. Бақытжан Сағынтаев жол құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңында бітуі керек.

Өткенде премерь-министр мырза келді. Тағы осы мәселені көтердік. «Алтын орда» жолы бітсе, алматылықтардың қалаға кіріп шығу проблемасын шештік деп есептер едік. Қаскелеңнен келетін көлік кептелісі азайса, халықтың наразылығын тоқтатамыз. Сонша жылдан бері ақша, бәрі бар болса да неге сол жол бітпейді деп наразылықпен келе жатырмыз. Министр мырза сөзінде жолдың жыл соңына дейін бітіреміз деп айтты. Енді қанша жыл күттік, тағы сәл күте тұрайық. Мен де осы жолдың тезірек біткеніне ынталымын, — деді Алматы әкімі халыққа есеп беру кездесуінде.