Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, ғарыш салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады, — делінген хабарламада.
Асқар Мамин мен Михаил Мишустин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларға, сонымен бірге Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.