Басты бетӨзбекстанда коронавирустың...

Өзбекстанда коронавирустың «ұлыбританиялық штамы» анықталды

Өзбекстанда коронавирус инфекциясының «ұлыбританиялық штамын» жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау вице-министрі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және денсаулық сақтау қызметінің бастығы Баходир Юсупалиев мәлімдеді. Бұл туралы Centralasia.media хабарлады.

«Ұлыбританиялық штамм» 23 қаңтарда Дубайдан отбасы мүшелерімен оралған ташкенттік әйелден табылды. Әуежайда өткізілген жедел тест оң нәтиже көрсеткен. Кейін науқас жедел жәрдеммен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Сол күні ауруханада жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша, науқастан симптомсыз COVID-19 анықталды», — делінген хабарламада.