Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі салтанатынан, атап айтқанда, арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты.
Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми сайтында толығырақ айтып берді.
Қазанда болған оқиғалардан кейін қалыптасқан саяси жағдайды, республиканың экономикалық, қаржылық және эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, мұндайда біз ел экономикасы үшін ауыртпалық түсіретін іс-шаралардан бас тартуымыз керек деп санаймын. Мен арнайы кортежден, банкеттен және үлкен қаржылық шығындар болатын басқа да шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Президент лауазымына кірісу үшін заңнамада талап етілетін міндетті рәсімдерді ғана ескеру және жүзеге асыру керек. Мемлекет өзінің барлық назарын мемлекеттік қаражатты халық пен оның мұқтажына қолдануға аударуға тиіс, — деп мәлімдеді Садыр Жапаров.
Айта кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда Бішкек филармониясында өтеді.