Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитеттің пайда болуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.
Біз 2021 жылы популяциялық иммунитеттің немесе ұжымдық иммунитеттің деңгейіне жете алмаймыз, — деді ұйымның өкілі Сумия Сваминатан.
Оның айтуынша, ұжымдық иммунитет бірнеше елде пайда болса да, ол бүкіл әлемдегі халықты вирустан қорғамайды.