Армения президенті Армен Саркисян коронавирус жұқтырды

Армения президенті Армен Саркисянға Лондондағы операциядан кейін коронавирус диагнозы қойылды, ол өзін оқшаулады.

Президент өзінің демалысы аясында Жаңа жылды Лондонда отбасымен және немерелерімен қарсы алды. 3 қаңтарда Саркисянның аяғына ота жасалды, ол сәтті өтті. Бірақ президентте коронавирустың симптомдары байқалды, оның сынағы оң нәтиже көрсетті, — деді агенттік дереккөзі.

Саркисян қазіргі уақытта оқшауланған, жұмысын уақытша қашықтан жалғастырады.

2020 жылдың жазында Армения премьер-министрі Никол Пашинян коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.