Қытайдағы Чжэцзян провинциясындағы жергілікті Tianmu News порталының мәліметінше, Джек Ма республика бойынша жиналған 100 ауыл мектебінің мұғалімдерімен видеобайланыс арқылы сөйлескен. Бұл провинцияда Alibaba компаниясының штаб-пәтері орналасқан Ханчжоу қаласы бар.
Біз Саньеде пандемияға байланысты кездесе алмадық. Эпидемия біткеннен кейін қайтадан кездесеміз, — деді Джек Ма видеобайланыс арқылы.
Ресми мәліметтер бойынша, Джек Ма кәсіппен айналысардан жеті жыл бұрын ағылшын тілінен сабақ берген. Ол 2015 жылы ауыл мұғалімдеріне сыйлықақы тағайындап, білім беру қордың негізгі бастамасының бірі екенін мәлімдеді. Бұл шара жыл сайын Қытайдың оңтүстігіндегі Санье қаласында өтеді, алайда биыл пандемияға байланысты онлайн өтті.