Наразылық білдірушілер Капитолийге шабуыл жасап, сенат залын басып алды. Олар бізден іште тұруымызды сұрады, — деп жазды америкалық сенатор Джеймс Лэнкфорд Twitter желісіндегі парақшасында.
Тәртіпсіздік кезінде бірнеше адам зардап шеккен.
Наразылықтар АҚШ Конгресі қарашада өткен президент сайлауының нәтижелерін ресми түрде бекіту рәсімін бастаған кезде басталды. Сайлау қорытындыларын бекітуге қарсылықтар айтылып, талқылау басталды. Сенаторлар тобы Аризона сайлаушыларының дауыстарын мақұлдауға қарсылық білдірген.
Оклахома штатының сенаторы Джеймс Лэнкфордтың сөйлеп жатқан кезде оны аяқтауға мүмкіндік бермей, төраға үстелді балғамен ұрып, сенаторлар қайта шақырылғанға дейін жұмыс тоқтатылатынын мәлімдеді. Осыдан кейін хабар тарату тоқтатылды.