Алматы әкімі Facebook-тегі парақшасында қоршаған ортаға түсетін техногендік жүктемені азайту жұмыстары туралы айтты.
Қоршаған ортаға техногенді жүктемені азайту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Қоғамдық және коммуналдық автопарктерді экологиялық таза отынға ауыстыру жұмысымен бірге транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін де зерделейміз. Жүргізілген мониторинг қалаға тәулігіне 17 мыңнан астам жүк көлігі кіретінін көрсетті, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін полиция департаменті мен жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сонымен бірге көлік пен коммуникация ғылыми зерттеу институты мамандары тартылған.
Қазіргі уақытта ластаушы қалдықтың көлемі, маршрутты әзірлеу мен өткізу қабілетін есептеу бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде мегаполистің экологиясы жақсарады.