Басты бетҚоғамЕрдоғанды биліктен...

Ердоғанды биліктен тайдырмақ болды деген айыппен 92 адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Түркия соты 2016 жылы төңкеріс жасамақ болған 120 әскериге қатысты шешім шығарды. Оны 92-сі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, оның ішінде 12 адам аса қатаң жағдайларда, шағымдану құқығынсыз қамалды. Бұл туралы Euronews және Deutsche Welle хабарлады.

Қарашаның соңында Анкарада сот тағы 337 адамды төңкеріс жасамақ болғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды. Олар конституциялық тәртіпті бұзғаны үшін, президентке қастандық жасап, оны өлтірмек болғандары үшін сотталды. Оның ішінде офицерлер мен Түркияның әскери-әуе күш ұшқыштары бар. Ұшқыштар төңкеріс кезінде Анкарадағы ғимаратта жарылыс жасамақ болғаны үшін, ал офицерлер түрік астанасының маңындағы Ақынжы әскери базасынан көтерілісшілерді басқарды деп айыпталды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның үкіметіне қарсы бүлік әрекеті бойынша жалпы 500-ге жуық айыпталушы өтті.

Жалпы сот процесі аясында үш мыңға жуық айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекеті 2016 жылдың шілдесінде болды. Ресми мәліметтерге сәйкес, содан кейін 250-ден аса адам қайтыс болды, тағы екі мыңға жуық адам жарақат алды. Түркия билігі 1999 жылдан бері АҚШ-та қуғынға ұшыраған исламдық радикал уағыздаушы Фетхуллах Гүленнің қозғалысына наразылық білдірді. Гүленнің өзі бүлікке қатысы бар деген айыптарды жоққа шығарады.

Бүлік басылғаннан кейін Түркия билігі оппозицияға қысым жасауды күшейтті. Бүкіл ел бойынша жүздеген сот отырысы өтті. Тергеу барысында 300 мыңға жуық адам ұсталды, 100 мыңға жуық адам қамауға алынды, 140 мыңнан астам адам жұмыстан шығарылды.