Головкин бұл құрметке нокауттар саны жағынан ең жоғары пайызды көрсеткені үшін ие болып отыр. Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы 36 жекпе-жек өткізіп, оның 33-ін нокаутпен ұтты. Сондай-ақ қатарынан 23 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша Головкин нокаутпен аяқтаған жекпе-жектердің көрсеткіші 91,67 пайызға теңесті. Қазіргі таңда бұл орта салмақтағы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.