Тест: бумерсіз бе, зумерсіз бе? Қай ұрпақтың адамысыз?

"Ок, бумер" дегенді сіз айтасыз ба, әлде сізге қарата айта ма? Бәлкім, "бұл балақай не біледі?" деп сізге менсінбей қарайтын шығар? Өмірлік көзқарасыңыз бен құндылығыңыздың қай ұрпаққа жататынын білгіңіз келсе, тестіден өтіп, тексеріп көріңіз.

0%

Саяхаттамақшысыз, бірақ дүниеңіз чемоданға сыймай қалды. Не істейсіз?

"Маскне деген бәле болды". Осы сөйлемдегі "маскне" деген не?

TikTok-та аккаунтыңыз бар ма?

Сізбен қалай байланысқан дұрыс?

Әріптесіңізге ескерту жасадыңыз. Ол сізге "Окей, бумер" деп жауап қатты. Реакцияңыз?

Мансап жолыңызды, қызметіңізді қалай сипаттар едіңіз?

Граммофоннан қандай ән тыңдағанды жөн көресіз?

Көшеде ЛГБТ+ митингі өтіп жатқанын байқадыңыз. Сіздің реакцияңыз?

"Бумер" деген сөзді қалай түсінесіз?

Алғашқы телефоныңыз қандай еді?

Тест: бумерсіз бе, зумерсіз бе?
Бумерсіз!
Жаңа технологияларға қызығасыз, дегенмен оның бәрін үйренуге, қолдануға құлқыңыз жоқ. Кей адам өмірлік көзқарасыңызды «ескі түсінік» деп қабылдауы мүмкін. Тіпті сөзіңізге «Окей, бумер» деп жауап беретіндер де бар шығар. Бірақ бұда тұрған ештеңе жоқ. Әр дәуір ұрпағының өз артықшылығы бар. Мәселен, сіз жауапкершілігі мол, еңбекқор адамсыз. Тұрақтылықты жаныңыз сүйеді. Айтпақшы, бумер (бэби-бумер) деп өткен ғасырдың ортасында дүниеге келген ұрпақты атайды. Бұл толқынға ұжым болып топтасу, салт-дәстүр сақтау, ережелермен жүру секілді қасиеттер тән. Алайда қазіргі мемге айналған "бумер" сөзі "жастарға ақыл үйрететін, интернет трендтеріне ілесіп үлгермей қалатын, бұрынғы дәуірді айтып, ностальгияға берілетін" қолданушыларға қатысты айтылады.
Зумерсіз!
Кей адам сөзіңізді, ісіңізді ерсі көруі мүмкін. Дегенмен өз әлеміңіз бар. Жанашар әрі жүрегі нәзік адамсыз. Әлеуметтік желіде белсендісіз. Жаңа мем, соңғы сән үлгісі, танымал әндерді қалт жібермейсіз. Жаныңыз еркіндік пен жаңашылдықты сүйеді. Айтпақшы, зумер деп екі мыңыншы жылдардан кейін туған ең жас ұрпақты атайды. Бұл толқын бала кезден цифрлы технологияны кеңінен қолданып өсіп келе жатыр. Жан-жақты келеді, музыкадан да, өнерден де хабардар, кең ойлайды. Интернет-мем тұрғысынан көбінесе "бумерге" қарсы қойылады.

Әлеуметтік желіде бөлісу: