Тимур Жақсылықов ұлттық экономика бірінші вице-министрі болды

Үкімет қаулысымен Тимур Жақсылықов ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметті 2014-2017 жылдары да атқарған.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Тимур Жақсылықов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тарихшы мамандағы бойынша, Саяси зерттеулер институтын саяси ғылымдар және мемлекеттік басқару магистры, Қазақ экономика және қаржы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының 2-разрядты жұмысшысы болып бастаған.

1993-1997 жылдары Қазақстан агротехнологиялық университетінің атқарушы ректоры.

1997-1998 жылдары Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім басшысы.

1998-2003 жылдары Президент әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеді.

2003-2004 жылдары Индустрия және сауда министрлігінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі департаментінің директоры.

2004-2005 жылдары Индустрия және сауда министрлігінің Женевадағы тұрақты өкілдігінде бөлім басшысы — Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері жөніндегі министрлік өкілдері тобының жетекшісі.

2005 жылғы шілде-қараша аралығында Сыртқы істер министрлігінің Швейцария Конфедерациясындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы.

2005 жылғы қараша – 2006 жылғы ақпан аралығында «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы басқарушы директоры.

2006 жылғы ақпан-қазан Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы.

2006 жылғы қазан — 2007 жылғы қыркүйек аралығында «Астананы тұрақты дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

2007 жылғы қыркүйек — 2008 жылғы сәуір аралығында Астананың экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры.

2008-2009 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2009-2010 жылдары Индустрия және сауда вице-министрі.

2010 жылғы сәуір-тамыз аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің комитет төрағасы.

2010-2012 жылдары «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы.

2012-2013 жылдары Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2013-2014 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2014-2017 жылдары Ұлттық экономика вице-министрі.

2017-2018 жылдары Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі.

2018 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін Президентінің көмекшісі.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазірге дейін Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі лауазымын атқарды.