Басты бет Жаңалықтар Ұмытшақтықтан қалай құтылуға болады?

Ұмытшақтықтан қалай құтылуға болады?

Есте сақтау қабілетін қалай дамыту керек? Күнделікті өмірде ұмытшақтықпен жиі ұшырасамыз. Есікті кілттедім бе, жоқ па деп сан мәрте ойланып, сол үшін уайымға салынамыз. Бір нәрсе айту керек болғанда еске түспейді. Тілімнің ұшында тұр деп өз-өзімізді алдаймыз. Осылардың бәрінен құтылу үшін қарапайым жаттығулар жасау жеткілікті, дейді anabol.kz сайты.

  • Егер сіз оңқай болсаңыз, тісіңізді сол қолмен жуыңыз, ал егер солақай болсаңыз, оң қолмен жуыңыз. Сонда сіздің миыңыздың екінші жартысы дағдыланып, есте сақтау мен ойлау қабілетіңіз жақсара түседі.
  • Дүкенге барарда алатын заттарыңыздың тізімін қағазға емес, есіңізге сақтаңыз. Әйтпесе, 60 жаста дүкенге барғанда жағдайыңыз қиындай түседі.
  • Әр фильмді көрген сайын басынан соңына дейінгі кадрларды ой тізбегінен өткізіңіз. Бұл жатттығуға 20 секундіңіз кетеді, дегенмен, нәтижесі керемет.
  • Күн сайын түрлі әдеби шығармалар оқып отырыңыз. Кем дегенде аптасына 1 кітап. Сонда 1 жылда -52 кітап, 10 жылда 520 кітап оқыған боласыз!
  • Егер сізге шынымен керемет есте сақтау қабілеті керек болса, күнде бір өлең жаттап отырыңыз, тура сол сызба бойынша, яғни аптасына 1 өлең, жылына 52 өлең.
  • Тағамыңыздың құрамында жер жаңғағы, бал, теңіз орамжапырағы болсын, салмағыңызды ретке келтіріңіз, қыдырыңыз, әрдайым қозғалыста болыңыз!
  • Тағы да айта кететініміз, талайларды таңғалдырар тамаша есте сақтау қабілеті болғанын қаласаңыз, онда темекіден бас тартыңыз! Сонда қандағы азот оксиді дұрысталып, зақымдалған тамырларды реттейді, миыңыз жылдам жұмыс істейтін болады!
  • Ұмытпаңыз, ұмытшақтықтың ең тиімді емі — қырағы болу. Әр нәрсеге асықпай назар салыңыз.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version