Алматы облысында жол-көлік апатынан жеті адам қаза тапты

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Nissan Qashqai жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo ауыр жүккөлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан жеті адам қаза болды: Nissan жүргізушісі мен төрт жолаушы, Volvo жүргізушісі мен бір жолаушы. Қайтыс болғандардың кім екені анықталды. Оқиға болған жерде облыстық полиция департаменті қызметкерлері, сонымен бірге Ақсу полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеді, — делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда факт бойынша сотқа дейінгі тергеу Қылмыс кодексінің 345-бабына сәйкес жүріп жатыр.

Полиция департаментіндегілер қайғылы жағдайда қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасынан кейінгі видео тарады.