Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп кітаптарының сапасы нашар екенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мектеп кітаптарының сапасы нашар екенін айтты.

Кітаптардың сапасы бойынша сұрақ көп. Бүгінде мектептерде еліміздің және әлемнің тарих оқулықтары қолданылады, онда көптеген сәйкессіздікті көруге болады. Кей кітапты оқып көрдім және олардың сапасына таңғалдым, — деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жағдайлар мен деректер оқушыларға бұрмаланбай жеткізілуі керегін айтты.

Сондықтан Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын әзірлеп, енгізуді тапсырамын, — деді Президент.