Бұл туралы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
15.02.2021 ж. сағат 8:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының бұзылуына байланысты Үшарал—Достық автожолының 84-184 шақырымында, атап айтқанда, Көктума мен Достық станцияларының аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, — делінген комитет таратқан хабарламада.
Қазіргі кезде ел жолдарында арнайы техниканың 288 бірлігі мен 650-ден астам адам жұмыс істеп жатыр.
Комиттеттің баспасөз қызметі сонымен бірге төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында және өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін алыс сапарлардан бас тартуға кеңес берді.