Басты бет Қоғам Ауаны ластайтын автокөліктерге айыппұл көбейеді

Ауаны ластайтын автокөліктерге айыппұл көбейеді

Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты ауаға тиісті нормадан артық ластаушы заттар шығаратын автокөліктерге салынатын айыппұл көбейеді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

Фото: Иван Ивасенко

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (334-бап) енгізілген өзгерістерге сәйкес, шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері белгiленген нормативтерден асса, жеке көлік иесі 10 АЕК, заңды тұлғалар 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Ережебұзушылық бір жыл ішінде қайталанса — жеке тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 200 АЕК айыппұл салынады. Жаңа норма шілде айында күшіне енеді. Ал әзірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 2, қайталанған жағдайда 5 АЕК қана айыппұл жазылады, — деді министрлік өкілдері.

Exit mobile version