Басты бет Қоғам TikTok блогері полицей киімімен билегені үшін жазаланды

TikTok блогері полицей киімімен билегені үшін жазаланды

Алматылық азамат полиция қызметкерінің киімін заңсыз киіп, TikTok түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Видео кадры

Polisia.kz-тің хабарлауынша, полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ішкі істер органы қызметкерінің киімін заңсыз пайдалану фактісін анықтады.

https://www.youtube.com/watch?v=Bih_ZlxCsFQ&feature=emb_title

Сюжет бойынша полиция қызметкерінің киімін киген жас жігіт өзімен бірге TikTok билеуге шақырады.

Бұл факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушыны анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Exit mobile version