Басты бет Жаңалықтар Астанада аспаннан үш күн көрінді

Астанада аспаннан үш күн көрінді

Астана тұрындары 9 желтоқсан күні ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды.

Мұндай құбылысты «гало» деп атайды. Мұндай атмосфералық оптикалық құбылыс қыста қатты аязда пайда болады, мамандар аспанды қаз бауыр бұлт басқанда, мұздан тропосфераның жоғарғы қабатында 5-10 шақырым биіктікте пайда болады деп санайды.

Астанада орын алған ерекше құбылысты жергілікті тұрғындар фотоға түсіріп үлгерген. Олар фотоларымен желіде белсенді бөлісуде.

«Аспанда бірден үш Күн пайда болды — жақсы нышан», — деп жазған фото авторларының бірі Әсел Кереева.

Галоны кез келген уақытта көруге болады. Түнде Айдың өзі де үш жерден көрініп жатады. Бұған ылғалды әрі суық ауа райы себеп.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version