Басты бетҚоғамҚазақстанда Наурыз...

Қазақстанда Наурыз мейрамы 10 күн тойланады

Орталық, жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде тұжырымдаманы басшылыққа алуы қажет.

Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы:

14 наурыз – «Көрісу күні». Бұл күні жұрт бір-бірін ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды. «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын», «Ақ мол болсын», «Ұлыс оң болсын», «Жаңа жыл құтты болсын!» деген секілді сөздер арқылы жаңа жылдың келуімен құттықтап, арқа-жарқа болады. Бір-бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күн. Алыста жүрген жандар қара шаңыраққа соғып, ата-анасына сәлем беріп, ағайын-туыстың үйіне бас сұғады. Алыстағылар телефонмен хабарласып, құтпарақпен құттықтасады. Ерлер әйелдерге бәйшешек гүлін сыйлайды.

Наурыз мейрамын тойлау аясында әр ұйымда, оқу орындарында Көрісу күні — жұмыс басталардың алдында келушілерді қазақтың ұлттық аспаптарымен ән шырқап, ұлттық тағамдармен қарсы алу өткізіледі.

Радио мен телеарналарда шуақ пен күн сәулесі, күн мен гүлдер туралы әндер мен термелер шырқалады. Көшелерде бұл күні бәйшешек гүлінің бейнесі безендіріледі.

Қазақ Наурызды «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер» шағы деп күткен. Қыстан қалған соғымның сыбағасын асып, ағайын-туысты қонақ қылып, хал-сұрасып көріскен. Әр үйдің келіндері үлкендерге сәлем салып, батасын алып, Наурызға арнап дастархан жайған. Ақ мол болсын, жыл тоқшылықпен өтсін деп жеті түрлі дәмнен Наурыз көже пісіріп, құрт, айран, қымыз секілді ақ тағамдарды көптеп қойған.

Осы онкүндікте адамдар толығымен ұлттық нақыштағы киімдер киюі қажет. Сонымен бірге дизайнерлер, тігіншілер сән үлгілерін ұйымдастырып, ұлттық стильдегі жаңа киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынуы өте маңызды. Түрлі сән үлгідегі ұлттық киімді осы он күн ішінде, Көрісу күнінен мейрамның соңына дейін киіп жүру ұсынылады.

Сонымен бірге бұл күнде гүлдер жәрмеңкесі мен базарлар, айтыстар: жаз бен қыс айтысы, өлі мен тірі айтысы өтеді. Шуақ концерті: ескі жылмен қоштасу, жаңа жылмен қауышу — сахналық қойылымдар (шоу) қойылады.

15 наурыз — «Жайлау күні». Айнала табиғатпен біте қайнасып өмір сүру көшпелі қазақ дүниетанымының бір бөлігін құраған. Сол себепті жаратылысты аялау мақсатында табиғат аясында бір күн өткізу маңызды. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады.

Бұл күні адамдар үй-жайын, мекемелер кеңселерін тазартады, алаңдарды сыпырып, қардан, қоқыстан тазартады. Реніштерін кешіріп, бір-біріне қонаққа, серуенге, қыдыруға шақырады. Сондай-ақ, елдімекен аумағын көркейту-көгалдандыру үшін жалпыхалықтық сенбіліктер өткізіледі. Барлық мекеме ұжымдарының бір мезеттегі «ағаш отырғызу» қайырымдылық акциясы және әлеуметтік желілер бойынша «Әр үйден 1 ағаш» атты челлендж ұйымдастыру өте маңызды.

«Үздік ұйым ауласы» мен «Үздік мектеп ауласы» секілді байқаулар (сенбілік өткізу, ағаштар мен гүлдер отырғызу), жыр мен терме, күй тартыстарын өткізу өте маңызды.

Сонымен қатар бейбітшілігіміз бен татулығымыздың негізін қалаған жаңа тарихымыздағы бірнеше айтулы оқиғаның бірі — 1991 жылы Семей полигонының жабылуы. Осыған байланысты арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, барша адамзаттың болашағы үшін ерекше маңызды шешім екенін ескерген жөн.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының «Қазақстан — қызғалдақ пен алманың отаны» деп ерекше атап өткен. Осыған байланысты «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты республика бойынша атап өтіп, көктемнің, жаңа өмірдің, тіршіліктің жаршысы екендігін насихаттайтын фестивальдер өткізілуге тиіс.

Мысалы, Ыстамбұл тұрғындары жыл сайын «Қызғалдақ фестивалін» өткізеді. Фестивальде көшелер, саябақтар, бақшалар мен алаңдар түрлі-түсті гүлді «кейіпке» енеді. Көз тартар қызғалдақтар мен жанды концерттер адамдарға керемет көңіл-күй сыйлайды. Сурет көрмелері мен спорттық шаралар фестивальдің ажарын одан әрі аша түседі.

16 наурыз — «Шежіре күні». Бұл күні жұртшылық мал сойып, шелпек пісіріп, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, көңіл айтып, дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Сонымен қатар бұл күні отбасының, жеті атаның, ел-жұрттың тарихы айтылып, шежіресі таратылады.

Әрбір отбасы мен мекемелер үйлерді, орынжайларды безендіреді. Наурыздың басты атрибуты жолтерек үйге, алаңға, көшеге немесе аулаға орнатылады. Төрге құрақ көрпе, алаша, сырмақ, текемет жайылады, қабырғаларға кілем ілінеді.

«Аналар күні», «Әкелер күні», сонымен бірге «Отбасылар күнін» мереке ретінде кең көлемде атап өту және мерекенің құндылығын балалар санасына жастайынан сіңіру қажет. Мысалы, Түркияда бұл күндері сауда орталықтарында үлкен акциялар өткізіліп, азаматтар ата-анасына сыйлықтар (көбінесе киім-кешек) сыйлайды. Осылайша, ата-ана мен бала арасында сыйластық артады.

Халық мейрамда қыдырып, үйді-үйге барып көже ішіп жүргенде берілетін Наурыз батасының орны ерекше. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге сәлем бере барып, ақсақалдардың батасын алады. Осыған байланысты, барлық білім беру ұйымдарында, сондай-ақ телеарналарда «Наурыз бата беру» шарасын ұйымдастыру ұсынылады. Осы іс-шара елдік тұтастық, берекелі бейбіт өмір, достық пен татулық, ағайынның адал көңіл ынтымағы мен бірлігі, ұзақ ғұмыр, өнегелі жол тілеу, ел мұратына ұю, имандылық, әділеттілік, адалдық, елдік пен ерлік, ұлттық намыс, дастарханның берекесі болып саналады.

«Ардагерлерді ардақтайық» ұранымен Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіледі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздеу және мәңгі есте қалдыру, жауынгерлерге арналған мәдени-ағартушылық, тарихи-патриоттық іс-шаралар өткізіледі.

«Жeтi aтa» дәcтүpiн жacтap apacындa кeңiнeн нacихaттaп, oқушылap apacындa қазақ тілі мен әдeбиeті caбaғы бoйыншa caлт-дәcтүpдeн интeллeктуaл caйыcтap, oлимпиaдaлap ұйымдacтыpу.

17 наурыз — «Тарихқа тағзым күні». Мeктeпке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың caнacынa ұлттық құндылықтapымызды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сондай-ақ тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында ұлттық, тapихи, өлкетану, өнер және әcкepи музeйлepгe апару.

Биыл Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ақынның туған  жерге, елге, ерлік, өнегелік секілді жырларын дәріптеу.

Өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болған әрі елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау өте маңызды. Сондай-ақ, жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі — 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтуіне орай арнайы кездесулер ұйымдастыру, талқылау.

Биыл Желтоқсан оқиғасының 35 жыл толуына орай азаттықтың алғашқы қарлығаштары, тәуелсіздік боздақтары — Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы өте маңызды.

Осы күні туған жерге, елге, қасиетті тәуелсіздігіміз жолында жанын пида еткен тұлғаларымыз туралы  түрлі конкурс, кітапхана қабырғасында BookDating озық алаңы, буккроссинг, сурет көрмесі және тағы басқа іс-шара өткізілуге тиіс.

18 наурыз — «Игі істер күні». Бұл күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. Волонтерлердің қатысуымен түрлі іс-шара өтеді. Жаппай халықтың қатысуымен тазалықтар өткізіледі.

Наурыз мейрамы онкүндігінде аз қамтылған отбасыларды қолдауға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жоқ-жітімге, жарлы-жақыбайға қол ұшын беруге арналады. Дәулеті мүмкіншілік беретін адамдар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға «Жүрек жылуы», «Наурыз дастархан» ретінде азық-түлік үлестіреді.

Әрбір отбасы әруақтар құрметіне садақа беріп, дұға оқып, еске алады. Үйлерінде жеті шелпек пісіріп, таратады. Сонымен қатар, жомарт жүректі азаматтар қоғамдық маңызы бар объектілер салуға, жөндеуге атсалысады. Осы күні жергілікті әкімдіктер жылу жинау секілді және басқа да түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады. Сонымен бірге қарияларға арналған «Бел көтерер» ғұрыптық тағам рәсімі жасалуға тиіс.

Қазақ халқында қайырымдылық мен ұйымшылдықты таныту мақсатында көпшіліктің көмегін пайдаланып шөп шабу, егін жинау науқандарына, сонымен қатар, үй салу секілді ауыр жұмыста бірлесе көмек қолын созу дәстүрі — асарды қайта жаңғырту өте маңызды іс.

Сонымен бірге 10 жылдық, 20 жылдық, 30 жылдық секілді мектеп түлектерінің басқосу кездесуінің орнына, сол мектептің немесе елдімекенінің гүлденуі үшін үлес қосуы — қайырымды әрі кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық іс. Мысалы, мектеп бақшасын көркейту, туған елді мекеніне саябақ, мешіт, балаларға арналған ойын ауласын жасау немесе спорттық үйірмелер, мектепке және мәдениет үйіне қажетті құрал-жабдықтар алу және т.б.

19 наурыз — «Шымырлық пен шеберлік күні». Наурызды тойлау декадасының бұл күні ұлттық спортқа арналады. Жер-жерлерде, ипподромдарда ересектерге арналған көкпар, бәйге, қыз қуу, жамбы ату, аударыспақ ұйымдастырылады. Ал, балалардың асық ату, ләңгі, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тартыс, қап киіп жарысу, жаяу тартыс, садақ ату, күрес, ақсерек пен көксерек т.б. спорттық ойындар ойнауына арнайы орындар жасалады.

Жергілікті билік осы шараларды ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтар және құрылғылармен қамтамасыз етуі керек. Сонымен бірге өзге де сайыстар, велошерулер, «Наурыз» сөзі жазылған автошерулерді де ұйымдастыруға болады. Қоғамдық көлік сыртына өзіміздің ұлттық ертегідегі қаһарман кейіпкерлер бейнеленген мультфильмдердің жарнамасын жарнамалауды қолға алу өте маңызды. Көлік сыртындағы жарнамалар арқылы балалар өз батырларымызды танитын болады. Осылайша автокөліктер мен автобустар безендіріледі.

Балаларға арналған шығармашылық ойындар: сюжетті рөлдік ойындар, театр ойыны, құрылыс ойыны, режиссерлік ойындар және ұлттық ойындар ұйымдастыру.

Ұлттық ойыншықтармен ұлттық кейіпкерлерді заманауи трендтер мен үздік тәжірибелерді қолдана отырып дайындау. Балалардың ойыншықтарын ұлттық нақышта жасау.

Мектептерде ырым-тыйымдap, төрт түлікке деген ізеттілік, обал мен сауап, адал мiнeз, туыcтық aтaулар, ұлттық oйындap, қaзaқы өлшeмдepге байланысты aйдapлap, сайыстар, олимпиадалар ұйымдacтыpу.

«Шeбep қoлдap» студиясында ұлттық қoлөнep, кecтe тiгу, көрпе көктеу, cурет салу, ұлттық тaғaмдapды әзipлeу. Дәcтүpлi ән мeн бидi, дoмбыpa тapту, тoғызқұмaлaқ пeн acық oйнaу ұлттық oйындарын үйpeтeтiн тегін үйipмeлep aрқылы өткізу.

Жастар арасында Asyk party, Dombyra party, Baursak party, этномузыка, ұлттық би кештерін заманауи форматта, этно сән қойылымдарын ұйымдастыру.

20 наурыз — «Зияткерлік күні. Бұл күні балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар мен эпостардан үзінділер айтылады. Бұған қоса, кітапханаларда, жастар орталықтары мен білім беру ұйымдарында жасөспірімдер мен жастар арасында байқаулар, зияткерлік сайыстар және табысқа жеткен еңбек адамдардың, кәсіп иелерінің, түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастыру.

Ұлттық нaқыштaғы квecт oйындapы. Бұл — тapих, гeoгpaфия, жapaтылыcтaну, қазақ тілі мен әдeбиeті, биолoгия пән мұғaлiмдepiмeн бipлece тaпcыpмaлap дaйындaу, сондай-ақ aлғaн бiлiмдepiн іс-тәжірибе негізінде іске асыруға мүмкiндiк бepeдi. Aтaлған ic-шapaны мeктeп қaбыpғacынaн тыc жepдe пapктepдe, ұлттық caябaқтap мeн музeйлepдe өткiзу ұсынылады.

Қaзaқ eлiнiң ұлттық құндылықтapының бipдeн-бip көpiнici тoғызқұмaлaқ oйынын мектеп үйірмелерінде енгізу қажет.

Жoғapы cынып oқушылapы мен студенттер apacындa көнe әдeт-ғұpыптapды зepттeп, дaмыту мaқcaтындa oлapды қaзipгi зaмaнғa caй жaңғыpтуғa бaғыттaлғaн ғылыми-зepттeу жұмыcтapы мeн пiкipтaлac (дeбaт) caйыcтapын ұйымдacтыpу. Мәceлeн, «Aтaдaн қaлғaн өcиeт» эcce, aйтыc, шығapмaлap caйыcы, «Aдaлдық aлaңы» пiкipтaлac тoк-шoуын ұйымдacтыpу.

Балаларға ұлттық тақырыптағы лэпбуктер, карталар, альбомдар, кескіндемелер (киіз үйді қиып, құрастыру т.б.) мен боямалар және басқа да көрнекі материалдарды қолдану.

Баланың логикасын, зияткерлігін және шығармашылығын дамытатын визуалды ойындарды дайындау. Lego, пазл, квест, сурет салу және оны бояу, қуыршақтарды ұлттық нақышта киіндіру. Мысалы, киіз үй, домбыра, ою-өрнек элементтерін қажетті орнына қою, жинақтау секілді патенттелген, таза ұлттық өнімдер дайындайтын «Жеті ойыншық» ағаш ойыншықтарын айтуға болады.

Зиялы қауым өкілдерінің жаңа ғылыми еңбектерінің және ақын-жазушылар шығармаларының тұсаукесерлерін кітапханалар мен жоғары оқу орындарында ұйымдастыру.

21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні». Бұл күні әр үйдің дастарханында ұлттық тағамдар самсап тұрады. Қазақ ас мәзіріндегі көптеген тағам түрлері әзірленеді. Ал этнографтардың айтуынша, қазақта тағамның 200-ден аса түрі болған. Ұмыт бола бастаған, кең таралмаған тағамдарды жасаудың әдістері үйретіледі.

Елдімекендерде киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар мен мерекелік шаралар ұйымдастырылып, наурыз көже үлестіріледі. Сонымен бірге «Қымызмұрындық» этнофестивалі өткізіледі. Тағамдар шеруі өткізіліп, Наурыз көже мен бауырсақ алаңы ұйымдастырылуы қажет.

Көже – молшылықтың, бауырсақ бірлік пен бауырластықтың белгісі. Әр үй 7 адамға наурыз көже ішкізуге тиіс.

Наурыз айында мектеп, колледж және университет асханаларының ас мәзіріне ұлттық тағам Наурыз көжені, талқан, жент, ұлттық сусындарымыз — қымыз, саумал, шұбат және сүт өнімдерімізді енгізу қажет.

Ұлттық тағамдарымыздың денсаулыққа пайдалары мен маңызы туралы денсаулық сақтау мамандары, диетолог және этнографтармен кездесулер ұйымдастыру. Сондай-ақ, ұлттық тағамдар туралы ақпараттық-танымдық брошюраларды халыққа кеңінен тарату, насихаттау. (Бұл абзацтың орны өзгерді)

Eңбeккe бaулу, тeхнoлoгия caбaқтapындa ұлттық бұйымдap жacaп, ұлттық ac мәзipiн әзipлeу. Қаладағы мейрамханаларда бірыңғай ұлттық ас мәзірінің тізімін құру және онлайн тапсырыс беру үрдісін қалыптастыру қажет.

22 наурыз — «Ұлыстың ұлы күні». Таңмен таласа барлығы күн шапағын қарсы алатын 10 сағаттық «Бастаңғы» таңды қарсы алу шарасы өткізіледі. Бұл күні арнайы орындарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Одан әрі бұқаралық мереке Наурыз шеруге ұласады.  Сахнада театрландырылған қойылымдар мен жергілікті қала, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көпшілікке ұсынылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және цирктердің көше қойылымдық бағдарламасы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, Наурыз мейрамының маңыздылығын арттыру мақсатында қызметкерлер мен жұмысшыларға материалдық және материалдық емес ынталандыру түрлерін қарастыру қажет. Мысалы, «Алтын жүрек», «Алтын сапа» секілді ұлттық сыйлықтар — асыға күтетін мерекеге айналуға тиіс.

Наурыз мейрамында өтілетін іс-шаралардың марапаттау жүлделеріне демеушілік көрсету үшін орта және ірі кәсіпорындарды тарту. Бұл — өз кезегінде кәсіпорындардың жарнамасы үшін де оң нәтиже береді.

22 наурыз күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының президенті құттықтау сөз сөйлейді.  Президенттің құттықтауы телеарналардан, интернеттен беріледі және оны барлық халық тыңдауы үшін Наурызды мерекелеуге арналған алаңдарда LED экрандар орнатылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының президенті халықтық мейрамда отандастармен бірге болуы, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, мерекенің өз жөн-жоралғысымен құттықтауы — бұл  халықтың бірлігін одан әрі арттыруына септігін тигізеді.

Жалпыхалықтық тойлау жиындары Қыдыр атаның келіп, ізгі тілек айтып, ақ батасын беруімен басталуы керек.

Наурыз мейрамын бұқаралық тойлау өтетін алаң төмендегі бағыттар бойынша рәсімделуге тиіс.

Ұлттық тағамдар алаңы. Арнайы бір алаңда немесе киіз үйлердің ішінде ұлттық тағамдардың дастарханы жайылады. Онда жұртшылық Наурыз мейрамына арнайы дайындалатын ұлттық тағамдардан дәм тата алады. Сондай-ақ, бұл тағамдар арасына Наурыз мейрамын тойлайтын басқа ұлттардың да ұлттық тағамдарын, ас мәзірлерін қосуға болады. Қыз-келіншектер «Ұйқыашар» салтына ұлттық тағам тұжырымын паш ететін модерн-тағам Науан әзірлейді.

Қолөнер алаңы. Мұнда зергерлер, қолөнершілер өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын көрсетеді, оларды сата алады. Сонымен қатар, бұл күні сурет және қолөнер көрмелері, зергерлер мен ұсталардың жәрмеңкесі өтеді. Әуестенген адамдарға қолдан бұйымдар жасап көруге мүмкіндік беретін арнайы құралдар, оларға бұйымның жасау жолдарын көрсететін арнайы қолөнер ұстаздары болғаны дұрыс.

Киіз үйлер (қара үйлер) тігілген алаң. Киіз үйлердің бірі музей үлгісінде жабдықталуы тиіс. Онда жұртшылық көшпелі қазақтардың дәстүріндегі киіз үйдің ішкі рәсімделуімен, дизайнымен таныса алады. Ол үйдің ішінде көшпелі қазақ қоғамында қолданылған құралдар, ыдыстар, бұйымдар көрсетіледі. Бұл музей-үйдің есігі жұртшылықтың барлығына ашық болады.

Спорт алаңы. Мұнда ұлттық спорт түрімен айналысатын арнайы алаңда күрес кілемі, қол күрес, көтеруге арналған қой (тана-тайынша), алтыбақан, арқан тартыс және жамбы ату құралдарымен жабдықталуы тиіс.

Балалар мен жеткіншектер алаңы. Мұнда балалар — ұлттық спорт ойындарын ойнау мүмкіндігін алады. Ләңгі тебу, асық ату, тоғызқұмалақ, дойбы, балаларға арналған алтыбақан, шалма ойыны, сиқырлы таяқ, қап киіп жарысу тағы басқа көңілді ойындар ойнай алады. Ол үшін аталған мекен қажетті ойын құрал-жабдықтарымен қамтылуы керек.

Сауық алаңы. Мұнда концерт өткізуге, би билеуге арналған трибуналар, жұртшылыққа тамашалауға ыңғайлы жағдай жасауға арналған орындар болады. Ерлер мен жігіттер «Селтеткізер» дайындайды.

Сондай-ақ, бұл күні әзіл жәрмеңкесі, «Жайдарман» бағдарламасы, өтірік айтыс пен қылжақ айтыстар ұйымдастырылады.

23 наурыз — «Жоралғы күні». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Наурыз — ұлтына, дініне қарамастан, барша жұртты ұйыстыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады» дей келе, мейрам күндері де, жұмыс күндері де бейбітшілік пен келісімді үнемі нығайтуға тиіспіз.

Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталады. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылады, ал барлары заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің, ырым-тыйымдарың адам мен қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріледі. Мұндай құндылықтар ұлттық кодты сақтаудың компоненті екені айтылады. Осы күні Елбасы айтқан «кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді» жоюдың жолдары талқыланады.

Бұл мейрамда ата-анаға, жақын туған-туысқа сый-сияпат жасап, қуанышқа бөлейді, әркім 7 адамды қуантуға тиіс деген насихат жүргізіледі. Ата-әжелер немере-шөберелеріне сыйлық таратады. Ата-аналар балаларына жолдық сыйлайды. Ауылдарда төлдер тойы өткізіледі.

Сонымен қатар перзентханалардағы ұл тапқан келіншекке «үлпершек» сыйлау, қыз тапқандарға гүл, бесік және басқа да сыйлықтар берілуі тиіс. Ұлға бәсіре, қызға жасау атау дәстүрі насихатталады.

Сыйлық жасау мақсатында коммерциялық ұйымдардың арнайы «Nauryz сыйлық» әзірлеуін қамтамасыз етуі керек. Ол адамдардың қалтасына қарай әртүрлі бағада болғаны жөн. Ұлттық нақышта әзірленген, дизайны керемет құттықтау қағаздары (открытка), әйелдерге арналған жібектен жасалған мойынорағыштар, орамалдар және тағы басқа сыйлықтар.

Жалпы, Наурыз — түркі және парсы тілдес халықтарға ортақ мейрам. Сол себепті бұл мейрамды тойлауға арналған шаралар арасына көп ұлтты елімізде өмір сүретін түрлі халықтардың наурызда жасайтын амалдарын қосу, мейрамды түрлендіріп қана қоймайды, сонымен қатар ұлттар арасындағы үйлесімділік пен толеранттылықты нығайтады. Орталық және басқа да шағын аудандар мен аулалардың қатысуымен Қазақстанның өзге этностары өкілдері арасында Наурыз мейрамын тойлаудың ұлттық қойылымын өткізу (байқаулар өткізу, дәм ауыз тигізу). Осылайша, қаланың орталық алаңдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен іс-шаралар өтеді.

Сонымен бірге халықтың тарихи-мәдени, өнерге деген қызығушылығын арттыру және Наурыз мейрамы, ұлттық құндылықтарды арттыру мақсатында музейлерде, оның ішінде ұлттық, драмалық, опера және балет театрлары мен қуыршақ театрларында ақысыз халыққа ашық есік күндерін ұйымдастыру, сол күнгі бағдарламаларына алдын-ала енгізу және оны халыққа кең көлемде жарнамалау өте маңызды.

Күтілетін нәтижелер:

  • отбасыны және қоғамды ұйыстыратын құндылықтар нығаяды;
  • экологиялық мәдениетті қалыптастыру, аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру деңгейі артады;
  • қайырымдылық пен меценаттықтың мәдениеті қалыптасады. Жаппай санада оларды нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі;
  • ұлттық бірегейлікті нығайту, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсету бойынша бұқаралық іс-шаралар өткізіледі;
  • Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі күшейтіледі, жалпы қазақстандық құндылықтар, эволюциялық даму мәдениеті қалыптасады және нығаяды.