Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, 13 ақпанда Алматыда Қайрат Ниетбайұлы Реимовты Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы президентінің міндетін уақытша атқарушы етіп сайлау туралы шешім қабылданды.
Қайрат Рейімов кәсіби бокс федерациясын дамытудың жаңа тұжырымдамасын таныстырды:
- федерацияның атқарушы комитетінің құрамын кеңейту. Федерация атқару комитетінің жұмысын жандандыру және жақсарту;
- Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде кәсіпқой боксшылардың денсаулығы мен өміріне қамқорлықты тұрақты құқықтық және әлеуметтік қорғау және жүйелі қамтамасыз ету
- кәсіпқой боксшылар арасында Қазақстан чемпионы атағы үшін турнирді қайта өткізе бастау;
- Қазақстан өңірлерінде кәсіби бокс форумдарын (семинар, шеберлік класы және басқасын) ұйымдастыру;
- Орталық Азия елдерінің (Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Иран) кәсіби бокс федерациясын құруға бастама жасау.