Басты бет Қоғам «Тауда абай болыңыздар»: Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

«Тауда абай болыңыздар»: Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

13 ақпанда Алматы тауларында қар көшкіні болуы қаупі бар. Мамандар осы күндері қарлы тік жартастарға шықпауды сұрады.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 13 ақпанда қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар, — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Алматылықтар Төтенше жағдайлар департаментінің «112» құтқару қызметінен ескерту SMS хабарлама алды.

112 қар көшкіні
Жазба скрині

«Қазгидромет» РМҚ 11-12 ақпанда да Алматы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін екенін хабарлады.

Еске салайық, 11 ақпан күні сағат 15.20-да «112» пультіне Алматы тауларында 1981 жылғы ер адамның жоғалғаны хабарлама түскен. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, турсит 12 ақпан сағат 14.30-да «Шымбулачка» шатқалынан өлі табылды.

Exit mobile version