Басты бет Қоғам Алматы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

Алматы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

11-12 ақпанда Алматы тауларында қар көшкіні болуы қаупі бар. Мамандар осы күндері қарлы тік жартастарға шықпауды сұрады.

Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ хабарлады.

Қатты жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 11-12 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Қарлы тік жартастарға шықпаңыздар. Тауда абай болыңыздар, — делінген хабарламада.

Алматылықтар Төтенше жағдайлар департаментінің «112» құтқару қызметінен ескерту SMS хабарламасын алды.

112 қар көшкіні
Жазба скрині

Айта кетейік, 10 ақпанда Алматыда 15 сантиметр қар жауды. Қала әкімдігінің хабарлауынша, таулы аймақтарда 20 сантиметрге дейін жеткен.

Exit mobile version