Қазақстанда 8 колледж жабылды

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Telegram-каналында хабарлады.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп, тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады. Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге оқуға түсуге қызығушылық танытпаған.

Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжінде білім алған студенттер түлек атанған соң, аталған оқу орындарының басшылығы лицензияларын өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады. Жалпы барлық жабылған колледж студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылды және оқытушылары жұмыспен қамтылды, — делінген министрлік таратқан хабарлады.

Білім және ғылым министрлігі колледждердің білім беру қызметіне қатысты мониторинг жұмысы жалғасатынын хабарлады.