Басты бет Жаңалықтар 17 жасар Назым Әбілдина Кеш YOU құрамына кірмек

17 жасар Назым Әбілдина Кеш YOU құрамына кірмек

Келесі жылдың қаңтар айынан бастап КешYOU-ден кететін Ақбота Сейтмағамбеттің орнына 17 жасар Назым Әбілдина келуі мүмкін, деп хабарлайды juldyz.kz.

17 жасар Назым Әбілдина «Айгөлек» бағдарламасының жүргізушісі болған. Қазірде «Лүпіл» тобының әншісі.

Кейбір дереккөздердің айтуынша, КешYOU тобының тағы бір мүшесі Жұлдыз Өмірғали да жобадан кетіп, «Лашын» тобының құрамындағы Сара және Элизат КешYOU-дың жаңа солистері атанбақ.

Айта кетейік, КешYOU тобының құрамы соңғы 10 жылда жеті рет өзгерген. Әнел Арынова, Мөлдір Әуелбекова, Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова сынды жұлдыздар алғашында осы топта өнер көрсеткен.

5 пікір

  1. Сара мен Элизатты Кешюға қосу қате шешім. Олар Балжанмен үйлеспейді. Кастинг жариялап басқа қыздарды тандаған дұрыс.

  2. Сара мен Элизат лашын тобында қала беру керек сияқты.Кеш You тобына басқа қыздарды алу керек.Əйтпесе Кеш You тобына мүлдем үйлеспей қалады

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version