Басты бетЭкономика1000 теңгелік...

1000 теңгелік ескі банкноттарды айырбастау наурызда аяқталады

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады, — делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүзеге асырылады. Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс телефондарын мына жерден көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Ұлттық банктің 1477 нөмірі бойынша байланыс-орталығына хабарласу керек.