Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына есеп беру кездесуінде хабарлады.
Әкімнің айтуынша, былтыр 3 млн шаршы метрден астам үй салынған, оның 80% — жекеменшік инвестициялар.
Қолжетімді баспана санын үш еса арттырдық. 2020 жылы 7 мың әлеуметтік пәтер салынды. Биыл жеңілдікпен берілетін пәтер саны 10 мыңға дейін артады, — деді Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов.
Астана әкімі сонымен бірге 2021 жылы қалада «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспана» бағдарламасы жалғасатынын, бағдарлама бойынша 1 мың жас үйлі болатынын айтты.
Биыл тұрғынүй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін артты, «Шаңырақ» (5-10-20) баспана сертификаттарын алушылар санатын кеңейту бастамасы көтерілді, — делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Егер бұрын тізімге халықтың әлеуметтік осал тобының 3 санаты ғана кірсе, енді барлық 9 санаты кіреді.