Нұр-Сұлтанның білім басқармасы 10 ақпан күні мектепте сабақ тоқтатылғанын хабарлады.
10.02.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады, — делінген Білім басқармасы таратқан хабарламада.
Сонымен бірге ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында да 0-9 сынып оқушылары үшін мектепте сабақ болмайды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 27 градусқа дейін суық болады.
10 ақпан күні Қостанай қаласының 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Өңірде 28 градус шамасында аяз болатыны хабарланды.
Қарағанды мен Теміртау мектептерінде сабақ тоқтатылды. 0-5 сынып оқушылары 10 ақпанда үйден оқиды.