Басты бетҚоғамЕлімізде жеке...

Елімізде жеке кәсіпкерлікті тіркеу және жабу жұмысы жеңілдейді

Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты.

Жеке кәсіпкерлер үшін E-Salyq Business қолданбасы әзірленіп жатыр. Жеке кәсіпкерлікті тіркеу мен жабуды, салық есебін ұсынуды жеңілдету, сонымен бірге комиссия және фискалды деректер операторының қызметіне ақы төлеуді алып тастау жоспарланды. Қосымша салық төлеуші есебін автомат шығарады. Оны растауға немесе түзетсе болады, — деді министр Ерұлан Жамаубаев.

Министр сонымен бірге Мемлекет басшысы салықты тіркеу және жеңілдету бойынша міндеттер қойғанын айтты.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, 2021 жылдан бастап жеке тұлғалар үшін мүлік және жер салығы біріктірілді. Енді екі салық та бірыңғай төлеммен төленеді. Ал көппәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері жер салығын төлемейді.

Мүлік салығын төлеу қолайлы болу үшін Е-SalyqAzamat мобайл қолданбасы әзірленді. Онда деректерді толтырмай-ақ салық төлеуге, артық төлемді басқаруға мүмкіндік бар, — деді министр.