Бұл туралы премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Руслан Бақытжанұлы Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.
Руслан Бекетаевтың қандай жұмысқа ауысқаны туралы әлі ақпарат шықпады.
Ол 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
Әр жылдары ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде, сонымен бірге қаржы полициясы мен Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.
2014 жылғы шілдеден қазіргі уақытқа дейін қаржы вице-министрі болды.