Қасым-Жомарт Тоқаев Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығымен құттықтады

Мемлекет басшысы бұл туралы Twitter-дегі парағында жазды.

Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той, — деп жазды президент.