Басты бетҚоғамҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев судьялардың сапасын арттыруды тапсырды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғары cот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов Президентке еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы, Жоғары сот кеңесінің былтырғы жұмысының қорытындылары мен 2021 жылға жоспары жайында баяндады.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына Жолдауында және республикалық соттар съездінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты.

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесі судьяларды іріктеудің сапасын арттыру үшін қолданатын заманауи HR және цифрлы технологияны енгізу жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандарды іріктеу туралы тапсырма берді.