Басты бетҚоғамЗейнетақы жинағын...

Зейнетақы жинағын пайдалануға арналған платформа құрылды

Бұл туралы «Отбасы банк» тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі  Instagram парақшасында хабарлады.

Енді арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемдері түскеннен кейін де немесе өтініміңізді қайта өңдеуге қайтарған болса да қаражатты қолдану мақсатын өзгерте аласыз! — делінген хабарламада.

Жеке кабинетте өтінімнің мақсаттын қалай өзгертуге болады?

enpf-otbasy.kz платформасындағы жеке кабинетіңізге ЭЦҚ арқылы кіріңіз;
Мақсаттын өзгерту қажет өтінімді таңдаңыз;
Өтінімнің мақсатын өзгерту — пернесін басыңыз;
Ұсынылған тізімнен жаңа мақсатты таңдаңыз;
Өтінімнің мақсатын өзгерту — пернесін (қызыл батырма) басу арқылы әрекетті растаңыз;
Өтінішке қол қою арқылы өтінім мақсаттын өзгертуді аяқтаңыз.

Енді жаңа өтініш жасау және мақсатты өзгерту үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ.

Мұны enpf-otbasy.kz платформасында бірден жасауға болады.