Басты бетҚоғамМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы Наурызды жаңаша атап өту туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Наурызды жаңаша атап өту туралы ойын айтты. Оның айтуынша, экологиялық бастамалар жыл сайынғы тұрақты жұмысқа ұласып, өмір салтына айналуы шарт.

Бабаларымыз әз Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен жалғастырайық. Табиғатты тазалап, қоршаған ортаны көгалдандыруды қолға алайық. Мұндай шараларды барлық аймақта ұйымдастыруымыз қажет. Бұл — ата салтымыз әрі ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы, — деді президент Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында.