Алик Шпекбаев Алматының бизнес қауымдастығымен кездесті

2020 жылдың қазан айында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалардың екінші пакетіне қол қойды, онда комплаенс сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарының бірі ретінде айқындалды.

Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында құрылымдардың комплаенсін айқындау туралы норма заңнамалық түрде енгізілді, жеке компаниялар үшін оларды құру құқығы бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, бүгінде дүниежүзінде ұйымның парасаттылығын қамтамасыз етудің негізгі құралы тәуелсіз комплаенс қызметінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын іске асырған компаниялар сөз сөйлеп, өздерінің оң тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылардың ойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге елеулі әсер етеді.

Іске асыру сатысында олардың «тәртіп орнату» функциясын орындаудағы дербестігі мен тәуелсіздігі маңызды. Олардың жұмысы корпоративтік мәдениеттегі парасатты бағытындағы оң өзгерістерге әсер етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы бизнес секторда комплаенс-қызметтер институтын енгізуге үндеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс шын мәнінде жұмыс істейтін тетік болуы және ұйымдардың корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болуы осы жұмыстың бәрінде басты мәселе. Бірақ бұл үшін көптеген жылдар бойы тиімді болатын тетікті қарастыра отырып, енгізу кезеңінде айтарлықтай күш салу қажет, — деді Алик Шпекбаев.

Кездесу соңында бірнеше компания қызметінде имидждік тәуекелдерді болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізуге ниетті екенін айтты.