Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық оқушылар Бүкілресейлік олимпиадада жеңіске жетті

Қазақстандық оқушылар Бүкілресейлік олимпиадада жеңіске жетті

Қазақстандық мектеп оқушылары бағдарлама жасаудан 17-ші Бүкілресейлік командалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды.

Бағдарлама жасаушылардан құралған «Алматы + Астана, КТЛ #1» командасы 200-ден аса бәсекелесінен озып шықты. Турнирдің кестесіне сәйкес, Санжар Бидайбек, Асхат Жалғасов пен Нұрбақыт Мадибек берілген 11 тапсырманың тоғызын шеше алды.

Осылайша қазақстандық мектеп оқушылары 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. 2-орынды «Интеллектуал + СУНЦ МГУ: Вова спит дома» (Мәскеу) командасы иеленсе, 3-орынды «Бағдарлама жасаушылар мектебі #1» (Мытищи) алды.

Жеңіс

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы білім-инновация лицейінің оқушылары әлемдік IT-қауымдастықтың тізіміне енген болатын. Әлемнің миллионнан аса бағдарлама жасаушысын біріктіретін HackerRank платформасы университеттердің кодтау бойынша мамандандырылған бағдарлама жасаушыларын дайындаудағы деңгейін анықтап, жоғары оқу орындарының рейтингін жасаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version